Қазақстандық шахматшылар халықаралық турнирде жүлдегер атанды
Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Abu Dhabi International Chess Festival халықаралық турнирінде қазақстандық шахматшылар екі жүлдеге ие болды.
Абу-Дабиде ұйымдастырылған фестивальдің ашық блиц турнирінде қазақстандық гроссмейстерлер Эдгар Мамедов пен Алдияр Аңсат үздік нәтиже көрсетті. Аталған турнирде Эдгар Мамедов 11 партиядан кейін 9,5 ұпай жинап, күміс медаль иеленсе, Алдияр Аңсат 9 ұпаймен үшінші орынға тұрақтап, қола жүлдеге қол жеткізді.
Masters турнирінде топ жарды
Фестивальдің басты Masters турнирінде үздік нәтижені Даниял Сәпенов көрсетті. 17 жастағы шахматшы жарысты 6,5 ұпаймен алтыншы орында аяқтады. Ол жүлдегерлерден тек қосымша көрсеткіштер бойынша ғана артта қалды. Masters турнирінде жүлдегерлердің бірі Эдгар Мамедов те нәтижелі өнер көрсетіп, 10-орынға жайғасты. Абу-Даби қаласындағы халықаралық фестиваль 15-24 тамыз аралығында өтті.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.