Сәкен Бибосынов ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов жаттығу кезінде омыртқасын жарақаттап, ауруханаға жеткізілді.
Бибосынов Қазақстан чемпионатына қатыспайды
Журналист Аслан Қаженовтің мәліметінше, қазақстандық боксшы ауыр жарақатына байланысты Таразда өтетін ел біріншілігіне қатыса алмайды. Қазақстан чемпионаты 29 қазанда басталады.
Журналист Бибосыновтың хабарлама жарияланған күннің алдындағы жаттығуда жарақат алғанын жеткізді. Оның айтуынша, боксшының омыртқасы зақымданған.
Қаженов боксшының тезірек сауығып, қатарға оралуын тіледі. Жарақаттың нақты сипаты мен емделу мерзімі туралы мәлімет берілмеген.
Жетістіктері қандай?
Бибосынов — Қазақстан құрамасының жетекші боксшыларының бірі. 2025 жылдың желтоқсанында өткен IBA әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Финалда ресейлік Вячеслав Рогозиннен басым түсті.
Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокста үш кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соңғы жекпе-жегі 28 тамызда Астанада өтті. Бұл кездесуде намибиялық, WBO Africa белбеуінің иегері Иммануэль Джозефты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.