Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Бақыт Сәрсекбаев әлем чемпионатына баратын 10 боксшыны таңдады

World Boxing аясындағы U-19 әлем чемпионаты 16-27 қазан аралығында өтеді. 

Бақыт Сәрсекбаев әлем чемпионатына баратын 10 боксшыны таңдады
sports.kz

Қазақстанның жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Бақыт Сәрсекбаев Черногорияның Будва қаласында өтетін 2026 жылғы U-19 әлем чемпионатына қатысатын боксшылар тізімін анықтады.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, ұлттық құрама сапына 10 боксшы енген.

Құрамада Азия чемпиондары бар

Команда құрамына жастар арасындағы Азия чемпиондары Бибарыс Әшірбай мен Владислав Саможонов та кірді.

Қазақстан U-19 құрамасы:

  • 50 кг дейін – Әділ Асқанбай
  • 55 кг дейін – Айдос Үсенов
  • 60 кг дейін – Данияр Ақбисенов
  • 65 кг дейін – Ақжүрек Қалабай
  • 70 кг дейін – Бибарыс Әшірбай
  • 75 кг дейін – Әмір Рамазан
  • 80 кг дейін – Тимур Тайбеков
  • 85 кг дейін – Руслан Ахметов
  • 90 кг дейін – Еркетан Жарқынбек
  • 90 кг жоғары – Владислав Саможонов

Әлем чемпионаты қашан өтеді?

World Boxing аясындағы U-19 әлем чемпионаты 16-27 қазан аралығында Черногорияның Будва қаласында өтеді.

Турнирге 75-тен астам ұлттық федерациядан 550-ден астам боксшы қатысады.

Жасөспірімдер мен қыздар 10 салмақ дәрежесінен сынға түсіп, жалпы 20 алтын, 20 күміс және 40 қола медальді сарапқа салынады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U21