20 жастағы түркиялық волейболшы сұлулығымен желіні "жаулап" жатыр
Бұрымды спортшының Instagram парақшасында оқырмандарының саны да көбейген.
Түркиялық волейболшы Мерьем Джаббароғлы көз тартар тартымдылығымен әлеуметтік желі қолданушыларының назарына ілікті. 20 жастағы спортшының суреттері кеңінен таралып, жанкүйерлер арасында қызу талқылануда. Instagram парақшасында оқырмандарының саны да көбейген.
Жанкүйерлер спортшының суреттерінің астына жылы пікірлер қалдырып, тіпті оған үйлену туралы ұсыныс жазатындар да бар.
"Бодрумспор" сапында өнер көрсетеді
Мерьем Джаббароғлы қазір Түркияның әйелдер арасындағы бірінші лигасында ойнайтын "Бодрум Беледиеси Бодрумспор" клубының намысын қорғайды.
Ол либеро позициясында өнер көрсетеді. Бойы – 163 сантиметр.
Жас волейболшы бұған дейін:
- "ТВФ Спор Лисеси";
- "МКЕ Анкарагюджю";
- "Алпет Зерен Спор";
- "Зерен Спор Кулюбю" U-18 командасында өнер көрсеткен.
Түркияның жасөспірімдер құрамасына шақырылған
Джаббароғлының халықаралық тәжірибесі де бар.
2021 жылы ол Түркияның 16 жасқа дейінгі құрамасына шақырылып, ел намысын қорғады.