Қазақстандық таеквондошы Париждегі Гран-приінде қола жүлде алды
Мария Севостьянова Франция астанасында 57 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке енді.
Жартылай финалға қалай жетті?
Мария Севостьянова жарысты жеңіспен бастады. Ол алғашқы жекпе-жекте Қытай Тайбэйінің намысын қорғаған Вэй Чунь Линьді 2:0 есебімен ұтты. Келесі кезеңде мажарстандық Лука Патакфалвиден басым түсті.
Ширек финалда өзбекстандық Мадина Марабзолованы 2:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Жартылай финалда әлем чемпионына есе жіберді
Севостьянова финалға шығу үшін өткен кездесуде бразилиялық Мария Клара Пачекомен күш сынасты. Қазіргі әлем чемпионына қарсы жекпе-жекте қазақстандық таеквондошы 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша Мария Севостьянова Париждегі Гран-придің қола жүлдегері атанды.
Осы маусымдағы Гран-при сериясының финалдық кезеңі қараша айында Астанада ұйымдастырылады.
Бұл туралы не ойлайсыз?