Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Әлімханұлына қарсыласының басты артықшылығы аталды

Жәнібек Әлімханұлы мен даиялық Якоб Банк арасындағы жекпе-жекте қарсыластың қандай артықшылығы болуы мүмкін екені аталды.

Әлімханұлына қарсыласының басты артықшылығы аталды
instagram/janibek_alimkhanuly

Boxingnews24 басылымның пікірінше, кездесудің Данияда өтуі Банкке өз жанкүйерлерінің қолдауына сүйенуге мүмкіндік береді. Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банк арасындағы жекпе-жек екінші орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуі үшін өтеді деп жоспарланған. 

"Жекпе-жектің Копенгагенде өтуі Якоб Банкке өз алаңында жұдырықтасу тұрғысынан айтарлықтай басымдық береді. Өз жанкүйерлерінің алдында өнер көрсету билеттердің жақсы сатылуына ықпал етіп, жергілікті көрермендердің қуатты қолдауын қамтамасыз етеді. Алайда гонг соғылғаннан кейін трибуналардың шуылы Жәнібектің рингте қоятын тактикалық міндеттерін шешуге көмектеспейді."

Кездесу қаңтар айына белгіленген. Жекпе-жектің нақты күні мен өтетін орны әзірге белгісіз.

Бұл туралы не ойлайсыз?