Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Ризабек Айтмұқан Астанада аты аңызға айналған балуандарға қарсы шығады

97 келіге дейінгі санаттың алдын ала өтініміне Абдулрашид Садулаев, Кайл Снайдер және Хасан Яздани секілді танымал балуандар енген.

Ризабек Айтмұқан Астанада аты аңызға айналған балуандарға қарсы шығады
NUR.kz

Айтмұқанның ықтимал қарсыластары кімдер?

Күрестен әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында "Барыс Аренада" өтеді. Қазақстандық еркін күрес шеберлерінің жарысқа арналған өтінімі United World Wrestling (UWW) ресми сайтында жарияланған.

Ең тартысты бәсекелердің бірі 97 келіге дейінгі салмақта өтуі мүмкін. Бұл санатта ел намысын Ризабек Айтмұқан қорғайды. Алдын ала тізімде қазақстандық балуанмен бірге мына боз кілем шеберлері бар:

  • Абдулрашид Садулаев – Ресей;
  • Кайл Снайдер – АҚШ;
  • Хасан Яздани – Иран;
  • Араш Йошида – Жапония;
  • Ахмед Тажудинов – Бахрейн.

Олардың Айтмұқанмен қай кезеңде кездесуі мүмкін екені жеребеден кейін анықталады.

Қарсыластарымен кездесу статистикасы

22 жастағы қазақстандық осы балуандардың төртеуімен бұған дейін белдескен. Хасан Язданимен әзірге жолы түйіспеген.

Абдулрашид Садулаев 0:1
Кайл Снайдер 0:2
Араш Йошида 0:4
Ахмед Тажудинов 1:2

Бұл көрсеткіштер Астанадағы жарыстың Айтмұқан үшін оңай болмайтынын аңғартады. Осындай құрамда қола жүлдеге қол жеткізудің өзі қазақстандық балуан үшін үлкен жетістік болмақ.

Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына өтінімі

Бас бапкер Данияр Қайсанов пен кеңесші Майырбек Юсупов Астанадағы әлем чемпионатына төмендегі балуандарды таңдаған:

57 келі Мейрамбек Қартыбай (Ақтөбе облысы)
61 келі Асыл Айтақын (Алматы)
65 келі Өсімжан Дастанбек (Алматы облысы)
70 келі Санжар Досжанов (Алматы)
74 келі Нұрқожа Қайпанов (Алматы)
79 келі Шамсат Таир (Шымкент)
86 келі Болат Сақаев (Атырау облысы)
92 келі Азамат Дәулетбеков (Шығыс Қазақстан облысы)
97 келі Ризабек Айтмұқан (Астана)
125 келі Едіге Қасымбек (Алматы облысы)

Бұл – алдын ала өтінім. Материалда келтірілген UWW ережесіне сәйкес құрамға жеребе тартуға кемінде 72 сағат қалғанға дейін өзгеріс енгізуге болады.

Айтмұқан Азия ойындарында жүлдесіз қалды

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы жуырда аяқталған Азия ойындарында үздік үштікке кіре алмады. Алғашқы белдесуінде жапониялық Араш Йошидадан 1:11 есебімен жеңілді.

Кейін Йошида болашақ чемпион, ирандық Амирали Азарпираға есе жіберді. Жапониялық балуан финалға шықпағандықтан Айтмұқан жұбаныш белдесулеріне қатысу мүмкіндігінен де айырылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?