Бек Нұрмағанбет "Канелоның" бокс кешінде жұдырықтасады
Осы уақытқа дейін жеңіліп көрмеген қазақстандық былғары қолғап шебері мексикалық Маркос Васкес Родригеске қарсы шығады.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет кезекті жекпе-жегін Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткізеді.
Жеңіліссіз келе жатқан қазақстандық боксшы 31 қазанда рингке шығып, мексикалық Маркос Васкес Родригеспен шеберлік байқасады.
Нұрмағанбет 17-жекпе-жегін өткізеді
Бек Нұрмағанбеттің кәсіпқой бокстағы рекорды – 16 жеңіс, 14 нокаут.
Ал оның қарсыласы Маркос Васкес Родригес осы уақытқа дейін 21 жеңіс пен 3 жеңіліс тіркеген.
"Канелоның" кешінде төртінші рет өнер көрсетеді
Қазақстандық боксшы бұған дейін Сауль "Канело" Альварес қатысқан бокс кештерінде үш рет жұдырықтасқан.
Енді Эр-Риядтағы айқас Нұрмағанбеттің мексикалық жұлдыздың кардында өнер көрсететін төртінші кездесуі болады.
Айта кетейік, 31 қазанда Сауд Арабиясында өтетін бокс кешінің басты оқиғасында Сауль Альварес Кристиан Мбиллиге қарсы тұрады.
Олардың жекпе-жегінде WBC чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.