Александр Бублик Мюнхендегі турнирді сәтті бастады
12.04.2025, 23:11
Қазақстанның бірінші, әлемнің 76-ракеткасы Александр Бублик Мюнхен (Германия) ATP 500 турнирінде іріктеу сайысының финалына шықты.
sportburo.kz
Іріктеу кезеңінің 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингте 130-орында тұрған Швейцария өкілі Александр Ричардпен жолықты.
Бублик 6:2, 6:3 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Бір сағат 10 минутқа созылған бәсеке барысында Бублик 5 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді. Ричард 2 эйстен аса алмады.
Александр іріктеу сайысының финалында рейтингте 546-сатыда тұрған 17 жастағы германиялық Диего Дедура-Паломероны жеңсе, негізгі турнирде бақ сынайды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама