"Әлем үздігі". Елена Рыбакина Мадридтен видео жариялап, жанкүйерлерін таңқалдырды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
21.04.2025, 13:38

Қазақстан атынан өнер көрсететін теннисші Елена Рыбакина Instagram желісінде ерекше видеоны бөлісіп, жанкүйерлерінен жылы пікірлер жинады.

ria.ru

Спортшы Испания астанасы Мадридте түсірілген бейнероликті өзінің парақшасына жүктеп, жазбасын бір-ақ сөзбен толықтырды:

“Мадрид”.

Мадрид қаласында Mutua Madrid Open — топырақ жабынында өтетін кәсіби теннис турнирі басталды. Бұл додада Елена Рыбакина да бақ сынайды. Қазақстанның бірінші ракеткасы болып саналатын спортшыға әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлер қолдау білдіруде.

Теннисшінің жазбасына мыңдаған пікір жазылды. Желі қолданушылары оның көркіне, сенімділігіне және кәсіби дайындығына тәнті болды:

  • “Алға, Лена! Барша сәттілік сенен болсын!”
  • “Еленаның күлкісі оның ішкі сенімін, дайындығын көрсетіп тұр. Мен оның екінші рет Grand Slam жүлдесін жеңіп алатынына сенемін”
  • “Сен — әлемдегі үздіксің, жеңісті берме!”

Жарияланған видео 23 мыңнан астам лайк жинап, желіде кең тарады.

Mutua Madrid Open-ның ресми Instagram парақшасы да Елена Рыбакинаның қатысуына байланысты видео жариялап, спортшы оны өз сторисінде белгіледі. Бұл турнир басталғалы бері оның қатысуы көпшіліктің қызығушылығын тудырып отыр.

Айта кетейік, жақында Рыбакинаның физикалық дайындығына жауапты жаңа жаттықтырушысы тағайындалды. Итальяндық маман Альдо Кьяри – адам денесінің кеңістіктегі тепе-теңдігін зерттейтін медицина саласының маманы. Ол теннисшінің төзімділігін арттыруға көмектесіп, жаңа биіктерге жетелеуді мақсат етеді.