Михаил Кукушкин ресейлік теннисшіге "мастер-класс" көрсетті
14.05.2025, 21:32
Қазақстандық тәжірибелі теннисші Михаил Кукушкин Францияның Бордо қаласында өтіп жатқан "Челленджер" сериясындағы жарыста керемет ойын көрсетті.
sports24.kz
37 жастағы ардагер қарсыласын тәжірибемен жеңді
Әлемнің 165-ракеткасы саналатын Михаил Кукушкин Павел Котовты екі сетте ұтты. Қызыл топырақта өткен кездесу 7:6 (8:6), 6:4 есебімен аяқталды. Тартысты матч 2 сағат 12 минутқа созылды.
Бұл екі спортшы арасындағы алғашқы ресми кездесу болды. Қазіргі есеп: Кукушкин — Котов 1:0.
Келесі қарсылас — америкалық Накасима
Турнирдің екінші кезеңінде Михаил Кукушкин АҚШ теннисшісі Брендон Накасимамен кортқа шығады. Накасиманың әлемдік рейтингтегі орны жоғары, алайда тәжірибелі қазақстандықтың бабында екенін бүгінгі ойын дәлелдеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама