Зарина Дияс финалға шықты
17.05.2025, 09:09
Қазақстанның тәжірибелі теннисшісі Зарина Дияс Жапонияда өтіп жатқан ITF сериясындағы элиталық турнирдің финалына жолдама алды.
tenniscafe.com
Тартысты матч және ерік жігердің жеңісі
31 жастағы отандасымыз жартылай финалда қытайлық Мэйлин Ванды үш сетте 6:3, 3:6, 7:5 есебімен жеңді. Ойын 2 сағат 16 минутқа созылып, соңына дейін шиеленісті тартысқа толы болды.
Камбэк: шешуші сәттегі мінез
Матчтың үшінші сетінде Зарина 4:5 есебімен ұтылып жатқан. Бірақ жеңісті қолдан бермей шешуші сәттерде камбэк жасап, финалға жолдама алды.
Зарина Дияс финалда турнирдің қожайыны, әлемдік рейтингте 288-орында тұрған Аяно Шимицу есімді жапон теннисшісімен кездеседі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама