Қазақстанның үздік теннисшісі финалға шықты

Редактор Penalty.kz
17.05.2025, 20:23

Александр Бублик ATP Challenger сериясында Туриндегі турнирдің финалына жолдама алды. Ол жартылай финалда Даниэль Альтмайерді сенімді түрде тізе бүктірді. 

sportburo.kz

Жеңіс қалай келді?

Туриндегі матч топырақ жабындысында өтті. Бублик әлемдік рейтингте 71-орында тұрған 26 жастағы немістен 6:2, 6:4 есебімен басым түсті. 

Ойын бар-жоғы 1 сағат 9 минутқа созылды. 

Финалдағы қарсыласы кім? 

Александр Бублик финалда қытайлық Бу Юмен кездеседі. Бұл қос теннисші бұған дейін кортта жолықпаған. Айта кетейік, дәл осындай жағдай Альтмайерге қатысты да болды.