Зарина Диас Жапонияда чемпион атанды

Редактор Penalty.kz
18.05.2025, 11:30

Мінезі мықты қазақстандық теннисші екі рет камбэк жасады

НОК РК

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапониядағы ITF W50 турнирін жеңіп, кезекті рет әлемдік аренаны бағындырды.

Қазақстандық теннис жұлдызы Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өткен беделді ITF W50 теннис турнирінде қарсыластарын шаң қаптырып, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Бұл жеңіс — қазақстандық теннис тарихындағы маңызды жетістіктердің бірі.

Финалда Зарина жергілікті теннисші Явно Шимицумен кездесті. Бірінші сетте 1:3 есебімен жеңіліп жатқанымен, қазақстандық теннисші тамаша мінез көрсетіп, сетті 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Екінші сетте де Диас қиын сәтте бас көтеріп, қатарынан бес гейм жеңіп алды. Нәтижесінде, Зарина Диас сетті 6:3 есебімен жеңіп, матчты 2:0 нәтижесімен аяқтады. Осылайша, Зарина Диас Жапониядағы теннис турнирінің чемпионы атанып, кезекті рет жанкүйерлерін қуантты.

Зарина Диас WTA рейтингінде көтеріле ме?

Айта кетейік, бұл турнирде Зарина тек бір сет қана ұтылып, өзінің тамаша спорттық бабында екенін көрсетті. Бұл табыс оның WTA рейтингіндегі позициясын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 318-орында тұр. Ертең жарияланатын жаңа рейтингтен оның жоғарылауын күтуге толық негіз бар.