Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатындағы (Roland Garros) алғашқы ойынында қиындыққа тап болып, үш сетке созылған тартысты матчта жеңіске жетті.
WTA рейтингінде әлемнің 11-ракеткасы саналатын Елена Рыбакина бірінші айналымда Аргентина өкілі Хулия Риерамен (202-орын) кездесті. Қағаз жүзінде фаворит саналса да, қазақстандық теннисші үшін жеңіс оңайға соқпады.
Матчтың алғашқы сетінде Елена 6:1 есебімен айқын басымдық көрсетті. Алайда екінші партияда Риера қарқынын үдетіп, 4:6 есебімен есепті теңестірді. Үшінші шешуші сетте Рыбакина 6:4 есебімен матчты жаба алды. Кездесу 1 сағат 47 минутқа созылды.
Осылайша, Елена Рыбакина турнирдің екінші айналымына жолдама алып, енді 129-орында тұрған АҚШ теннисшісі Ива Йовичпен кездеседі. Жас спортшы үшін бұл үлкен сын болмақ.
Айта кетейік, өткен аптада Елена Францияда өткен WTA 500 Страсбург турнирінде 2025 жылғы алғашқы чемпиондығын жеңіп алған болатын. Финалда ол ресейлік Людмила Самсонованы (18-орын) 6:1, 6:7 (2:7), 6:1 есебімен жеңді.