Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінде былтырғы чемпионмен жолығады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
30.05.2025, 22:33

Қазақстанның үздік теннисшісі, WTA рейтингінде 11-орында тұрған Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатының үшінші кезеңінде айқын жеңіске жетті.

motorcyclesports.net

Парижде өтіп жатқан "Үлкен дулыға" додасында Рыбакина латвиялық теннисші Елена Остапенконы еш мүмкіндік қалдырмай ұтты — 6:2, 6:2.

Келесі кезеңде — нағыз сынақ

Елена Рыбакинаны 1/8 финалда күрделі қарсылас күтіп тұр. Ол турнирдің қазіргі чемпионы, әлемнің бесінші ракеткасы Ига Швёнтек. Польшалық теннисші осыған дейінгі ойынында румыниялық Жаклин Кристианды 6:2, 7:5 есебімен жеңген еді. 

"Ролан Гаррос 2025": фактілер мен жүлде қоры

Турнир 25 мамыр мен 7 маусым аралығында Париж қаласында өтіп жатыр. Жалпы жүлде қоры — 56 352 000 еуро, ал әйелдер арасындағы жекелей сында жеңімпаз атанған теннисші 2 550 000 еуро мен 2000 рейтингтік ұпайға ие болады.