Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық теннисші Czech Open турнирінде жергілікті жанкүйерлерді ренжітті

Редактор Penalty.kz
03.06.2025, 23:20

Александр Шевченко Czech Open турнирінің 1/16 финалында жергілікті теннисшіні жарыс жолынан шығарды.

tennismajors.com
Реклама
Реклама

Турнирде алтыншы нөмірлі боп тіркелген Шевченко чехиялық теннисші Петрс Брунцликті екі сетте жеңіп, келесі кезеңге өтті. Матч есебі: 7:6, 6:2. Бұл екі теннисшінің арасындағы алғашқы кездесу болды, әрі нәтижесі чех жанкүйерлерін қатты қынжылтты.

Келесі қарсылас — испаниялық Алехандро Моро Каньяс

Отандасымызды 1/8 финалда тағы бір күрделі қарсылас күтіп тұр. Ол Испания өкілі Алехандро Моро Каньяс. Бұл ойын Шевченко үшін маңызды сынақ болғалы тұр.

"Ролан Гаррос" сәтсіздігінен кейінгі қайта өрлеу

Айта кету керек, бұл турнир Александр Шевченко үшін "Ролан Гаррос" турниріндегі сәтсіздіктен кейінгі алғашқы ірі бәсеке. Франциядағы Grand Slam додасында ол "лаки-лузер" ретінде негізгі сеткаға енгенімен екінші раундта бес сетке созылған тартысты матчта америкалық Итан Куиннге жол берген.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары