Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина "Ролан Гаррос – 2025" турнирінен шығып қалған соң, Париждегі демалысын желіде бөлісіп, жанкүйерлер назарын аударды.
Қазақстанның ең үздік теннисшісі, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Ролан Гаррос – 2025» турнирінен кейінгі күндерін қалай өткізіп жатқанын көрсетті. Париж көшелерінің бірінде түсірілген суретте спортшының алып круассан ұстап тұрғанын көруге болады.
«Турнирден кейінгі ең дәмді тәтті», — деп жазды Рыбакина Instagram парақшасында.
1 маусым күні Рыбакина Франция ашық чемпионатының төртінші айналымында поляк теннисшісі, әлемнің 5-ракеткасы Ига Швёнтекпен кездесіп, тартысты ойында жеңіліс тапты. Қорытынды есеп — 6:1, 3:6, 5:7.
Бұл матч қазақстандық жанкүйерлер үшін көңілсіз жаңалық болғанымен, Елена өзіне тән сабырмен жарыс аяқталған соң тынығып, энергия жинауға ден қойған.