Александр Бублик "Ролан Гаррос" турнирінде әлемнің бірінші ракеткасымен күш сынасты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
04.06.2025, 22:00

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Франициядағы "Үлкен дулыға" турнирінің ширек финалында жарыстан шығып қалды. Оның қарсыласы әлемнің бірінші нөмірлі теннисшісі, италиялық Янник Синнер болды.

cnet.com

Бублик ойын барысында жанкештілік танытқанымен Синнердің мықты тактикасы мен техникасына төтеп бере алмады. Бұл кездесудің екінші сетінде ғана қазақстандық спортшы қарсыласына қысым көрсете алды. Бірақ матчтың жалпы картинасы — толық үстемдікпен аяқталды. Есеп: 6:1, 7:5, 6:0.

Келесі раунд: Синнер кіммен кездеседі?

Жартылай финалда Янник Синнер Александр Зверев (Германия, әлемнің 3-ракеткасы) мен Новак Джокович (Сербия, 6-орын) арасындағы матч жеңімпазымен ойнайды.

Қаржылай табыс пен рейтинг

Александр Бублик 440 000 еуро көлемінде жүлде қоры мен 400 ATP рейтингілік ұпайын еншіледі. Бұл оның маусымдағы үздік нәтижелерінің бірі саналады.