"Ролан Гаррос" финалында керемет камбэк жасалды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 00:18

Синнерді 0:2 есебінен қайырған Алькарас "Үлкен дулығада" бесінші рет топ жарды. 

hindustantimes.com

Париждегі әйгілі "Ролан Гаррос" турнирінің ерлер арасындағы финалы тарихи сәттерге толы болды. Финалда қазіргі ATP рейтингінің көшбасшысы, италиялық Янник Синнер мен екінші орында тұрған испаниялық Карлос Алькарас кортқа шықты.

Алькарастың кері шабуылы — теннис әлеміндегі сенсация

Кездесудің алғашқы екі сетінде Синнер толық басымдық танытып 6:4, 7:6 есебімен алға шықты. Бірақ бұл Алькарас үшін соңғы сөз емес еді. Ол ерік-жігер танытып, келесі үш сетте керемет камбэк жасап, матчты 4:6, 6:7, 6:4, 7:5, 7:6 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Карлитос — қайтадан чемпион

Осылайша Карлос Алькарас "Ролан Гаррос" титулын қорғап қалды. Бұл – оның мансабындағы бесінші "Үлкен дулыға"(Grand Slam) жүлдесі. Бұған дейін екі мәрте Уимблдонда және бір рет US Open турнирінде жеңімпаз атанған.