"Ролан Гаррос – 2025": Қазақстандық теннисшілер қанша табыс тапты?

Редактор Penalty.kz
09.06.2025, 17:33

Парижде теннистен "Ролан Гаррос" турнирі аяқталды. Биылғы жарыс рекордтық жүлде қорымен ерекшеленді — €56,35 миллион. Бұл былытырмен салыстырғанда 5,2%-ға жоғары.

el.kz

Ерлер мен әйелдер арасындағы дара сында жеңімпаздар – €2,55 млн, жұптық разрядта – €590 мың, ал аралас сында – €122 мың алды.

Қазақстандық теннисшілердің табысы

 Telegram-дағы “Дядя Ваня” арнасы Қазақстан атынан негізгі турнирге қатысқан теннисшілердің табысын есептеп шығарды.

Александр Бублик – €440 000

  • Ширек финалға дейін жетіп, үлкен сенсация жасады.
  • №9 рейтингтегі австралиялық Алекс Де Минаурды жеңді.
  • 1/4 финалда әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерден 1:6, 5:7, 0:6 есебімен ұтылды.

Елена Рыбакина – €265 000

  • 4-ші кезеңде Ига Швёнтекке қарсы керемет матч өткізді: 6:1, 3:6, 5:7.
  • Бұл — қос қарсыластың 9-кездесуі. Қазіргі есеп: Польша өкілі – 5:4 алда.

Юлия Путинцева – €181 750 (дара – €168 000, жұптық – €13 750)

  • Жекелей сыннан бөлек, канадалық Лейла Фернандеспен бірге жұптық разрядқа қатысты.
  • Екінші айналымда словак-британ тандеміне 4:6, 6:0, 4:6 есебімен жол берді.
  • Дара сында 3-раундта Мирра Андрееваға (Ресей) 3:6, 1:6 нәтижесімен есе жіберді.

Анна Данилина – €152 500 (жұптық – €147 500, микст – €5 000)

  • Сербиялық Александра Круничпен бірге финалға дейін жетті.
  • Ақтық сында Сара Эррани – Жасмин Паолини (Италия) жұбынан 4:6, 6:2, 1:6 есебімен жеңілді.
  • Миксте финн Харри Хелиоваарамен бірге 2-раундқа дейін барды, бірақ британдықтарға 4:6, 6:7 есебімен жол берді.

Александр Шевченко – €117 000

  • Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүрген теннисші 2-раундқа дейін жетті.
  • Америкалық Итан Куиннмен марафондық матч өткізді: 4:6, 6:4, 7:6, 6:7, 5:7.

Қазақстандық спортшылар жалпы сомада 1 миллион 156 мың 250 еуро табыс тапты. Бұл – ел тарихындағы үздік көрсеткіштердің бірі.

“Ролан Гаррос – 2025”: жүлде қорының үздіктері

  • Жеңімпаздар – €2,89 млн: Карлос Алькарас (Испания), Кори Гауфф (АҚШ)
  • Финалистер – €1,44 млн: Янник Синнер (Италия), Арина Соболенко (Беларусь)
  • Жартылай финалистер – €784 200: Новак Джокович (Сербия), Лоренцо Музетти (Италия), Ига Швёнтек (Польша), Лоис Буассон (Франция)