Теннис жанкүйерлеріне қуанышты жаңалық. 2025 жылдың қазан айында Алматыда беделді халықаралық турнир ұйымдастырылады.
2025 жылдың 11–19 қазаны аралығында Алматыда ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирі өтетіні белгілі болды. Бұл дода — кәсіби теннисшілердің халықаралық рейтингке ұпай жинайтын маңызды алаңдарының бірі болмақ.
ATP 250 — бұл әлемдік теннис қауымдастығының (ATP) күнтізбесіне енген, 30-дан астам елде ұйымдастырылатын ерлер арасындағы халықаралық турнирлер санаты. Бұл деңгейдегі жарыста чемпион атанған спортшы 250 рейтингтік ұпайға ие болады. Бұл ұпайлар теннисшінің әлемдік позициясын жақсартуға мүмкіндік береді.
2025 жылғы Almaty Open турнирінің жүлде қоры — 1 миллион АҚШ долларынан асады. Мұндай ауқымды сыйақы халықаралық аренаның мықты ойыншыларын тартуға ықпал етеді.
Бұл турнир алғаш рет 2020 жылы Астанада өткен. Ал 2022 жылы бір реттік ерекше шешіммен ATP 500 деңгейіне дейін көтеріліп, әлемнің үздік теннисшілерінің басын қосты. Турнирге қатысқан жұлдыздар қатарында:
Өткен маусымның чемпионы Карен Хачанов өз атағын қорғауға дайын екенін мәлімдеді. Турнирге қатысатын өзге де ойыншылар тізімі жақын арада жарияланады.
Қазір Almaty Open турниріне билеттер сатыла бастады. Спорт сүйер қауым үшін бұл — теннис әлемінің үздіктерін тірідей көруге берілетін тамаша мүмкіндік.