Елена Рыбакина Путинцева үшін кек алды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
12.06.2025, 20:18

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондон WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды. Ол екінші айналымда британиялық Хизер Уотсонды (WTA №164) еш қиындықсыз жеңді.

NUR.KZ

Путинцеваға есе қайтарғандай...

Уотсон бұл турнирдің алғашқы айналымында Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцевадан сенсациялық түрде басым түскен болатын. Бірақ Рыбакина қарсыласын екі сетте – 6:4, 6:2 есебімен сенімді түрде ұтып, ел намысын қорғады.

Келесі қарсылас — Германия өкілі

Ширек финалда Елена германиялық Татьяна Мариямен (WTA №86) кездеседі. Айта кетейік, Мария өткен айналымда әлемдік рейтингте жоғары тұрған чехиялық Каролина Мухованы үш сетте жеңіп, турнирдің басты сенсацияларының бірін жасаған болатын.

Турнир туралы не білеміз?

  • Өткізілу мерзімі: 9–15 маусым 2025 жыл
  • Жалпы жүлде қоры: 1 415 000 еуро
  • Жекелей сын жеңімпазына: 218 000 еуро және 500 WTA ұпайы