Жұптық сында WTA рейтингінде ТОП-10 қатарына енген Анна Данилина Queen’s Club Championships турнирінде ресейлік Диана Шнайдермен бірге келесі кезеңге жолдама алды.
Турнирдің ширек финалында Данилина мен Шнайдер австралиялық Сторм Хантер мен америкалық Дезире Кравчикке қарсы ойнады. Жұп 7:6, 6:4 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.
Жартылай финалда Анна мен Диананың қарсыластары – австралиялық Эллен Перес пен қытайлық Чжан Шуай болмақ. Бұл жұп та халықаралық аренада тәжірибесі мол. Сондықтан алда тағы бір тартысты кездесу күтіп тұр.
Анна Данилина қазір жұптық есепте Қазақстанның бірінші ракеткасы болып табылады. Оның WTA рейтингінде 9-орынға ие. Бұл оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіш. Қазақстандық спортшы үшін бұл жетістік ел намысын абыроймен қорғап жүрген кәсіби жолының кезекті биік белесі.