Қазақстандық теннисші Александр Бублик маусым айында өтетін Лондон турнирінен бас тартып, Германиядағы Галле жарысында бақ сынауды жөн көрді.
Кәсіпқой теннис әлеміндегі күтпеген жаңалық — әлемнің 43-ракеткасы Александр Бублик ATP 500 санатындағы Лондон турниріне қатыспайтынын мәлімдеді. Оның орнына теннисші 16–22 маусым аралығында өтетін Галле турниріне қатысуды ұйғарды.
Бұған дейін Бублик Лондон жарысының негізгі сеткасында итальяндық Лоренцо Музеттидің орнын басқан болатын. Алайда кейінірек шешімін өзгертіп, Германияда өтетін жарысқа бет бұрды.
Бұл — маусымның маңызды аптасында ойыншылардың жоспарларын жедел қайта қарап жатқанының дәлелі.
Александр Бублик биылғы “Ролан Гаррос” турнирінде өз мансабындағы ең үздік нәтиже көрсетті. Ол ширек финалға дейін жетіп, әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерге жол берді. Бұл жетістік оның беделін арттырып, жаңа маусымда үлкен сеніммен өнер көрсетуге жол ашты.