Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық теннисші әлемдік жұлдыздарды қатарынан құлатты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
22.06.2025, 00:44

Александр Бублик (ATP рейтингінде 45-орында) Германияның Галле қаласында өтіп жатқан беделді ATP 500 турнирінде финалға жолдама алды. Бұл оның қатарынан үшінші мәрте жоғары рейтингтегі қарсыласын жеңуі.

puntodebreak.com
Реклама
Реклама

Жартылай финалдағы шайқас

Бублик ресейлік Карен Хачановпен (ATP №21) кортқа шықты. Қарсылас бірінші сетте үстемдік танытқанымен Александр ойын барысында өз бабына келіп, матчты үш сетте жеңіп кетті: 6:4, 6:7, 4:6

Жанкүйерлер үшін бұл кездесудің шешуші сәті екінші сеттегі тай-брейк болды. Онда Бублик мықтылық танытып, ойын тізгінін өз қолына алды.

Сенсациялар сериясы: Синнер—Махач—Хачанов

Александр Бублик бұл турнирде бірнеше ірі сенсацияның авторы атанды. Бұған дейін ол:

Әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерді (Италия), Чехияның болашағынан зор үміт күттіретін теннисшісі Томаш Махачты (ATP №23) жарыс жолынан шығарды.

Бұл нәтижелер оның финалға шығуына жол ашты әрі халықаралық БАҚ назарын өзіне аударды.

"Мен өз ойынымды таптым. Галледе маған бәрі үйлесіп тұр — корт, атмосфера, жанкүйерлер. Әр матчта жеңіске деген аштық бар", — деді Бублик матчтан кейінгі сұхбатында.

Финалда Даниил Медведев күтіп тұр

Финалда Александр Бубликке тағы бір ресейлік теннисші — Даниил Медведев (ATP №11) қарсылас болады. Бұл кездесу теннис жанкүйерлері үшін шынайы шоу болатыны анық.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары