Бүкіл ел үміт артқан Бублик мұндай соққы күтпеген еді
01.07.2025, 21:33
Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 31-орында) Уимблдон турниріндегі алғашқы кездесуінде күтпеген жеңіліске ұшырады. Ол бірінші айналымда испаниялық Хауме Муньярден (55-орын) бес сеттік матчта 4:6, 6:3, 6:4, 6:7, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.
olympic.kz
Муньяр келесі кезеңде Марожанмен кездеседі
Бубликті жеңген Хауме Муньяр турнирдің екінші кезеңіне өтті. Онда ол венгриялық Фабиан Марожанға (58-орын) қарсы ойнайды. Айта кетейік, Марожан алғашқы айналымда австралиялық Джеймс Маккейбті (181-орын) сенімді түрде ұтты — 6:1, 6:4, 6:3.
Уимблдон-2025: рекордтық жүлде қоры
Биылғы Уимблдон турнирінің жалпы жүлде қоры — 22 714 380 еуро. Ал жеке сында чемпион атанған теннисші 3 510 000 еуро мен 2000 ATP рейтингілік ұпайға ие болады. Бұл – әлемдік теннисшілер үшін үлкен мотивация әрі беделді жеңіс мүмкіндігі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама