Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирлерінің бес дүркін чемпионын тоқтатты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 11:32

Қазақстандық теннисші керемет камбэк жасады. 

edition.cnn.com
Реклама
Реклама

Әлемдік WTA рейтингінде 12-орында тұрған Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан беделді турнирде кезекті жеңіске жетті. 

Үшінші айналымда ол жұптық сында "Үлкен дулыға" турнирлерінің бес дүркін жеңімпазы бельгиялық Элизе Мертенспен (WTA – 22 орын) кортқа шықты. Қиын өткен тартысты матч үш сетке созылып, Рыбакина 4:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Елена турнирдің 1/8 финалына жолдама алды.

Турнир жолындағы алдыңғы кездесулер

Цинциннати турнирінің алғашқы айналымында Рыбакина мексикалық Рената Сарасуаны (WTA – 68 орын) 4:6, 6:0, 7:5 есебімен ұтқан.

Жүлде қоры және мәртебе

2025 жылғы турнирдің жалпы жүлде қоры — 5 152 599 АҚШ доллары. Жеңімпазға 752 275 доллар және WTA рейтингінде 1000 ұпай беріледі.

Турнирдің қазіргі чемпионы — әлемдік рейтинг көшбасшысы, Беларусь өкілі Арина Соболенко.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары