ATP Masters Cincinnati Open финалы үлкен интрига тудырған еді. Кортқа әлемнің үздік теннисшілері — Карлос Алькарас пен өткен жылғы чемпион Янник Синнер шықты. Бірақ матч күтпеген жерден ерте аяқталды.
Бірінші сетте есеп 5:0 болып тұрған сәтте Синнер өзін жайсыз сезініп, ойынды жалғастыра алмады. Осылайша, кездесу бар болғаны 23 минутта аяқталып, Алькарас финалда толық сет ойнамай-ақ чемпион атанды.
22 жастағы Карлос Алькарас үшін бұл жеңіс — мансабындағы 22-ші титулы және 8-ші «Мастерс» трофейі. 2025 жылдың өзінде ол алты турнирде жеңіске жетті.
Cincinnati Open 2025 жарысы 7–18 тамыз аралығында өтті. Ерлердің жекелей сынында барлығы 56 теннисшібақ сынады. Өткен жылы турнирде Янник Синнер америкалық Фрэнсис Тиафоны (7:6, 6:2) жеңіп, чемпион болған еді.
Биылғы ATP-1000 деңгейіндегі турнирдің жүлде қоры 9 193 540 долларды құрады. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен ($6 795 555) әлдеқайда жоғары және әйелдер додасының жүлдесінен ($5 152 599) айтарлықтай көп.