Қазақстандық теннис ардагері Михаил Кукушкин АҚШ ашық чемпионатының (US Open–2025) іріктеу турнирінде жартылай финалға шықты. 37 жастағы спортшы 1/4 финалда италиялық Андреа Пеллегриноны сенімді түрде жеңіп, өз мүмкіндігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Кукушкин алғашқы сетте тай-брейкте мықтырақ болып, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда ол қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 6:3 есебімен басым түсті. Ойын жалпы 1 сағат 39 минутқа созылды.
Жартылай финалда Кукушкин Ұлыбританиялық Билли Харрис пен жапондық Джеймс Кент Троттер арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады. Бұл матч финалға берілетін жалғыз жолдаманың тағдырын шешпек.
US Open–2025 іріктеу кезеңі 21 тамызда аяқталады. Ал негізгі жарыс 24 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтеді.