Қазақстандық теннисшінің US Open-дегі матчы драмаға айналды
20.08.2025, 09:00
Бейбіт Жұқаев АҚШ ашық чемпионатының (US Open-2025) іріктеу кезеңінде жартылай финалға шықты.
sportarena.kz
3 сағат 35 минуттық тартыс
Жұқаев 1/4 финалда британиялық Джек Пиннингтон-Джонсты үш сетке созылған шиеленісті кездесуде жеңіп кетті. Ойынның есебі – 3:6, 7:6, 7:6. Бұл турнирдегі ең созылмалы әрі эмоцияға толы кездесулердің бірі болды.
Айта кетейік, қос теннисші бұған дейін кортта жолықпаған. Сондықтан тартыс күтпеген сәттерге толы болды.
Іріктеудің аяқталуы мен негізгі турнир
US Open-2025 іріктеу кезеңі 21 тамызда мәреге жетеді. Ал негізгі жарыс 24 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында өтеді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама