2022 жылғы Уимблдон чемпионы, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионаты – US Open 2025 басталар алдында жанкүйерлерін жаңа фотосымен қуантты. Қазақстандық спортшы гала-кешке қатысып, кешкі сәнді образымен көздің жауын алды.
US Open-нің бірінші айналымында Рыбакина америкалық теннисші Джульета Пареджамен күш сынасады. Өткен маусымда Елена турнирдің екінші кезеңіне дейін жетіп, денсаулығына байланысты ойынды мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болған еді.
Әйелдер арасындағы жекелей сындағы негізгі ойындар 24 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді. Қазіргі чемпион – Беларусь Арина Соболенко, ол былтырғы финалда америкалық Джессика Пегуланы тізе бүктірген.