Реклама
Реклама

Қазақстанның үздік теннисшісі екі айда екінші титул иеленді

Сарапшы, спорт журналисі
24.08.2025, 00:44

Анна Данилина АҚШ-тың Кливленд қаласындағы WTA турнирінің жұптық сайысында чемпион атанды. 

rtvpancevo.rs

Финалдағы жеңісті сәт

Данилина финалда сербиялық серіктесі Александра Круничпен бірге Тайвань өкілі Чжань Хаоцин және қытайлық Синью Яньнан құралған жұпты екі сетте 7:6, 6:4 есебімен жеңді. 

Айта кетейік, турнир алдында Данилина мен Крунич бірінші нөмірлі жұп болып тіркелген еді. Ал олардың қарсыластары екінші нөмірмен жарысқа қатысқан.

Екі айдағы екінші кубок

Осылайша Анна Данилина 2025 жылғы өзінің екінші титулын иеленді. Бұған дейін ол маусым айының соңында Ұлыбританияның Истборн қаласында өткен турнирде де жеңімпаз атанған. 

Реклама
Реклама