Александр Бублик US Open-де нағыз триллер жасады (ВИДЕО)
31.08.2025, 12:35
Қазақстандық теннисші алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының төртінші кезеңіне шықты.
atptour.com
Қиын сыннан өткен матч
Әлемнің 23-ракеткасы Бублик турнирдің 14-нөмірлі Томми Полды бес сетке созылған кездесуде жеңді. Шешуші сетте қазақстандық теннисші қарсыласына ешқандай мүмкіндік бермеді. Жалпы есеп: 7:6, 6:7, 6:3, 6:7, 6:1.
Келесі қарсылас – әлемнің үздігі
Төртінші айналымда Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнермен кездеседі.
Еске сала кетейік, Александр Бублик US Open-2025 турнирін хорватиялық Марин Чиличті (62-орын) — 6:4, 6:1, 6:4 есебімен жеңіп бастаған. Бұдан кейін ол австралиялық Тристан Скулкейтті (96-орын) — 6:3, 6:3, 6:3 нәтижесімен ұтты. Айта кету керек, биыл АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы рекордтық жүлде қоры — 5 миллион доллар алады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама