Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Белгілі журналист Александр Бубликті жерден алып, жерге салды

Сарапшы, спорт журналисі
21.09.2025, 12:44

Қазақстандық журналистикада танымал қаламгер Сәби Байбосынов елдің бірінші ракеткасы Александр Бубликке сын айтты. Ол теннисшінің соңғы әрекеттерін сынап, ұлттық құрамадағы болашағына күмән келтірді.

instagram/@sabi_baibussinov
Реклама
Реклама

Журналистің сыни пікірі

Байбосыновтың айтуынша, әлемдік рейтингте 34-орында тұрған қазақстандық теннисші көбіне қаржылық мүддені ойлайды, ал елге деген адалдықты екінші орынға қояды.

“Бір апта бұрын Бублик Дэвис кубогында Қазақстан атынан ойнау кезінде жарақатына байланысты бас тартты. Ал бүгін Қытайда өткен ATP-250 турнирінде ештеңе болмағандай үш сетке созылған матчта жеңіске жетті. Әдетте үздік ойыншылар мұндай жарыстарға тегін бармайды. Ең құрығанда сылтау айтпай-ақ, Қазақстан үшін ойнаудан мүлде бас тартса дұрыс болар еді”, — деп жазды журналист.

Александр Бублик. ФОТО: foxnews.com

Бублик пен ұлттық құрама төңірегіндегі дау

Бұл мәлімдемеден кейін қазақстандық спорт жанкүйерлері арасында қызу пікірталас өрбіді. Бір бөлігі Бубликті қорғап, оның кәсіби спорттағы қадамын түсіністікпен қабылдаса, енді бір бөлігі журналистің сөзіне қосылып, спортшының патриоттық рухын сынға алды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары