Александр Бублик Қытайдағы турнирдің финалына шықты
22.09.2025, 17:57
Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик Ханчжоу қаласындағы ATP-250 турнирінің финалына шықты. Жартылай финалда жергілікті теннисші У Ибинмен кездесіп, сенімді жеңіске жетті.
sport2u.tv
Бублик сенсацияны болдырмады
Қытай жанкүйерлері өз ойыншысынан тағы бір сенсация күткен еді. Бұған дейін У Ибин ширек финалда әлемнің үздік теннисшілерінің бірі Даниил Медведевті жарыстан шеттеткен.
Матч Бублик үшін аса қиынға соққан жоқ. Қазақстандық теннисші екі сетте қатарынан үстемдік танытып, есепті 6:3, 6:3 етіп аяқтады.
Финалда француз қарсылас
Финалда Бубликтің қарсыласы Франция өкілі Валентен Ройе болады. Ол да турнирде сенсациялық нәтиже тіркеді. Алғаш рет мансабында топ-15 теннисшісін ұтып, ресейлік Андрей Рублёвті жарыстан шығарды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама