Александр Бублик маусымдағы бесінші трофейін жеңіп алды
23.09.2025, 18:52
Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік ATP рейтингінде 19-орында тұрған Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласындағы ATP-250 турнирінің чемпионы атанды.
atptour.com
Финалда французды тізе бүктірді
Шешуші ойында Бублик Франция теннисшісі Валентен Ройеге (ATP рейтингі – 88) қарсы шығып, екі сетте де тай-брейкте жеңіске жетті — 7:6, 7:6.
Бұл нәтиже қазақстандық теннисшінің маусымдағы сенімді формасын тағы бір дәлелдеді.
Финалға апарған жол
Бублик турнир барысында мықты қарсыластарды бірінен соң бірін жарыс жолынан шығарды:
- 1/8 финалда — Далибор Сврчина (Чехия) — 6:1, 6:1
- 1/4 финалда — Александр Вукич (Австралия) — 6:7, 6:4, 6:4
- Жартылай финалда — Ибин Ву (Қытай) — 6:3, 6:3
Финалға дейінгі әрбір ойында қазақстандық теннисші өз үстемдігін айқын көрсетті.
Маусымдағы бесінші жеңіс
Ханчжоудағы жеңістен кейін Бублик маусымдағы бесінші титулын иеленді. Бұған дейін ол мынандай ірі жарыстарда топ жарған:
- Турин (Италия)
- Халле (Германия)
- Гштад (Швейцария)
- Кицбюэль (Австрия)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама