17 жастағы теннисшіміз Занғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық турнирде қарсыластарын бірде-бір сетте жол бермей жеңіп, алтыншы ITF титулын иеленді.
Қазақстандық теннис жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалық! Ел намысын халықаралық аренада қорғап жүрген жас спортшы Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.
Әлемдік жасөспірімдер рейтингінде 25-орында тұрған Нұрланұлы бұл жарысқа бірінші ракетка ретінде қатысып, өз деңгейін толық дәлелдеді.
Финалда ол жергілікті теннисші Мин Хук Чоға қарсы ойнап, 6:3, 6:4 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Ең әсерлісі – Занғар турнир бойы бірде-бір сетте жеңілмеген. Бұл оның тұрақтылығы мен психологиялық дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.
Бұл жеңіс — Нұрланұлының алтыншы ITF титулы. Бұған дейін ол мынадай турнирлерде топ жарған:
Осы жетістіктердің арқасында жас теннисші қазір Азия мен әлемнің ең мықты жас ойыншыларының бірі ретінде танылып келеді.