Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте ТОП-10-ға кірді

Сарапшы, спорт журналисі
07.10.2025, 08:00

Бұған дейін қазақстандық теннисшы бірнеше рет үздіктер қатарында болған.

Елена Рыбакина. фото: Getty Images
Реклама
Реклама

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық разрядтар бойынша жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады.

Жекелей сында үздік қазақстандық теннисші Елена Рыбакина бір саты жоғарылап, тоғызыншы орынға көтерілді. Ал еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева өз орнын сақтап, 63-позицияда қалды.

Бұрын Қазақстан құрамасында ойнаған Зарина Диас рейтингте 30 орынға төмендеп, 262-ші орынға түсті. Сондай-ақ жас теннисші Жібек Құламбаева да 21 саты төмендеп, 340-орынға жайғасты.

WTA рейтингінің алғашқы үштігі өзгеріссіз қалды: көш басында Арина Соболенко (Беларусь), екінші орында Ига Швёнтек (Польша), ал үздік үштікті Кори Гауфф (АҚШ) түйіндеді.

Жұптық сында Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина бір саты жоғарылап, әлемдік рейтингтің 12-орнына көтерілді.

Жұптық рейтингтің үздік үштігінде де өзгеріс жоқ: Катерина Синякова (Чехия), Тейлор Таунсенд (АҚШ) және Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия) көш бастап тұр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары