Елена Рыбакина Ухань турнирін ірі жеңіспен бастады
08.10.2025, 21:01
Қазақстандық теннис жұлдызы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 9-орын) Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан беделді WTA 1000 сериялы турнирін сенімді жеңіспен бастады.
theplayoffs.news
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда ойын көрсетпей, турнирді екінші кезеңнен бастады. Осы матчта Рыбакина румын қарсыласы Жаклин Кристианды 6:4, 6:3 есебімен жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.
Рыбакина келесі айналымда чехиялық Линда Носковамен ракетка түйістіреді.
2025 жылғы Ухань турнирінің жалпы жүлде қоры — 3 654 963 долларға тең.
Турнир жеңімпазы 596 000 доллар сыйақы алып, 1000 рейтингтік ұпай еншілейді.
Айта кетейік, бұл жарыстың былтырғы жеңімпазы – әлемнің бірінші ракеткасы, беларусь теннисшісі Арина Соболенко.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама