Реклама
Реклама
300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Елена Рыбакина Соболенкоға қарсы шығады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 15:50

Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің WTA рейтингіндегі 9-орын иегері Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің 1/8 финалдық кездесуін сәтті аяқтады.

puntodebreak.com
Реклама
Реклама

Қазақстандық үздік спортшының сенімді жеңісі

Бұл кезеңде Рыбакина Чехия өкілі Линда Носковамен (әлемдік рейтингте 17-орында) бақ сынады. Қазақстандық теннисші  екі сетте де айқын басымдық көрсетіп, матчты 6:3, 6:4 есебімен аяқтады. Кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды.

Осылайша Елена Рыбакина турнирдің ширек финалына жолдама алды. Онда оның қарсыласы — әлемнің бірінші ракеткасы, беларусь спортшысы Арина Соболенко болмақ.

Соболенко өз кезегінде ресейлік Людмила Самсонованы (20-орын) 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді. 

Турнирдегі нәтижелер және мәртебе

Елена Рыбакина турнирдің алғашқы кезеңінде румыниялық теннисші Жаклин Кристианнан (48-орын) 6:3, 6:4 есебімен басым түскен.

Уханьдағы WTA 1000 турнирінің жүлде қоры — 3 654 963 доллар. Жеңімпаз 596 000 доллар мен 1000 рейтингтік ұпай иеленеді.

Айта кетсек, турнирдің қазіргі чемпионы — Арина Соболенко.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары