Юлия Путинцева Қытай турнирінің иесін ойсырата жеңді
29.10.2025, 17:46
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Қытайдың Цзюцзян қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы хард турнирінде жергілікті спортшыны еш мүмкіндік қалдырмай ұтты.
sportarena.kz
Путинцева 1/8 финалда әлемдік рейтингтің 309-шы сатысындағы қытайлық Ушуан Чжэнмен кездесті. Бар болғаны 1 сағат 5 минутқа созылған матчта, Юлия қарсыласын екі сетте 6:2, 6:0 есебімен ойсырата жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Айта кетейік, бұған дейін қос теннисші бір-бірімен кездеспеген.
Ширек финалда Юлия Путинцева Швейцария өкілі Виктория Голубичпен кездеседі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама