Эр-Риядтағы триумф! Елена Рыбакина – маусым чемпионы
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA 2025 жылдың қорытынды турнирінің финалында қазақстандық теннисш Елена Рыбакина (WTA рейтингінде – 6-орын) әлемнің бірінші ракеткасы, беларусь спортшысы Арина Соболенконы (1-орын) сенсациялық түрде жеңіп, чемпион атанды.
Финал екі сетте аяқталды
Рыбакина 6:3, 7:6 есебімен басымдық танытты. Қазақстандық теннисші турнир бойы бірде-бір матчта жеңілген жоқ. Ол топтық кезең мен плей-оффта қатарынан бес жеңіске жетті:
- Аманда Анисимова (4-орын) — 6:3, 6:1
- Ига Швентек (2-орын) — 3:6, 6:1, 6:0
- Екатерина Александрова (10-орын) — 6:4, 6:4
- Джессика Пегула (5-орын) — 4:6, 6:4, 6:3
- Арина Соболенко (1-орын) — 6:3, 7:6
Осылайша Рыбакина бес түрлі қарсыласты жеңіп, маусымды мінсіз аяқтады.
Тарихтағы ең ірі сыйақы
Елена Рыбакина WTA тарихында ең жоғары қаржылай сыйақы алған спортшы атанды.
Жеңімпаз әрі бірде-бір рет ұтылмаған чемпион ретінде ол 5,235 миллион АҚШ долларын (шамамен 2,75 миллиард теңге) иеленді.
Бұл сома — әйелдер теннисі тарихындағы рекордтық көрсеткіш.