Эр-Риядта өткен WTA Finals турнирінде тарихи жеңіске жеткен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина марапаттау сәтінде даңқты боксшымызға құрметін білдірді.
Эр-Риядта өткен WTA Finals турнирінде қазақстандық теннисші Елена Рыбакина тарихи жеңіске жетті. Отандасымыз WTA Finals титулын алғаш рет иеленді. Осыған байланысты қазақстанның бірінші ракеткасы марапаттау сәтінде Геннадий Головкинге және өз командасына ерекше алғыс білдірді.
«Осы апта керемет өтті. Мен мұндай нәтижені күтпедім, бірақ өз ойынымнан ләззат алдым. Арина Соболенконы да жеңісімен және әлемдік рейтингтегі бірінші орнымен құттықтаймын – бұл үлкен жетістік», — деді Рыбакина марапаттау рәсімінде.
Теннисші ерекше ризашылығын бапкері Стефано Вуку мен Қазақстан теннис федерациясына да жеткізді.
«Стефаноға – мені әрдайым алға жетелегені үшін, ал Федерация президенті Болат Жәмитовичке – қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтамын.
Геннадий, сізді осында көру – үлкен құрмет. Рақмет, GGG!» — деді Елена толқып тұрып.
Эр-Риядтағы триумф Рыбакинаның жеңіс сериясын 11 матчқа дейін ұзартып, оның кәсіби мансабындағы 11-ші титулға айналды.