Ширек финалда Зарина Диас ойсырай ұтылды.
Қазақстандық теннистің жұлдызы турнирдің жартылай финалына шыға алмады.
ITF W100 санатындағы турнирдің үшінші айналым матчында Заринаның қарсыласы – корт иесі Химено Сакацуме болды.
1 сағат 7 минутқа созылған ойында Дияс өз подачасында жеті гейм жоғалтты, ал өзі бар болғаны үш рет брейк жасай алды.
Матч нәтижесі: 2:6, 2:6. Айта кетсек, қазіргі уақытта Зарина WTA рейтингінде 297-орында болса, Сакацуме әлемнің 181-ракеткасы.
Бұл спортшылар арасындағы екінші кездесу еді. Екеуара тартыстағы жалпы есеп 2:0 болып, жапон теннисшісінің пайдасына өзгерді.