Қазақстандық теннисші Тунистегі турнирдің финалына шықты
22.11.2025, 17:47
Әмір Омарханов Монастир (Тунис) қаласындағы ITF сериялы хард турнирінде финалға жолдама алды.
olympic.kz
Жартылай финалдағы сенімді жеңіс
18 жастағы талантты қазақстандық теннисші жартылай финалда Германия өкілі, турнирдің алтыншы ракеткасы Мика Петковичпен кортқа шықты.
Омарханов матчты толық бақылауда ұстап, қарсыласын екі сетте 6:1, 6:2 есебімен ойсырата жеңді.
Бұл – Әмірдің турнирдегі төртінші жеңісі. Бұған дейін ол үш бірдей себеттелген қарсыласты турнирден шеттеткен.
Финалдағы қарсылас — тағы бір германиялық теннисші
Титул үшін Омарханов Германияның жетінші ракеткасы Макс Шенхауспен кездеседі. Финалдық матч 23 қарашаға жоспарланған.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама