Реклама
Реклама

Australian Open-2026 додасына бес қазақстандық теннисші қатысады

Сарапшы, спорт журналисі
09.12.2025, 15:36

Жарыс 12 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді.

Коллаж

2026 жылғы Австралияның ашық чемпионатына қатысатын қазақстандық теннисшілердің тізімі белгілі болды.

Ерлер арасындағы негізгі сеткаға Александр Бублик (ATP рейтингінде 11-орын) және Александр Шевченко (95-орын) кірді.

Әйелдер арасындағы жекелей сынға Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 5-орын), Юлия Путинцева (71-орын) және ұйымдастырушылардан Wild Card алған Зарина Дияс (283-орын) қатысады.

Айта кетейік, Australian Open–2026 турнирі 12 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Австралияның Мельбурн қаласында өтеді.

Реклама
Реклама