Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Елена Рыбакина жаңа маусымға қызу кірісті

Сарапшы, спорт журналисі
23.12.2025, 17:51

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған Елена Рыбакина жаңа маусымға дайындықты күшейтті. Әлеуметтік желіде спортшының Дубайда (БАӘ) өткен жаттығу сәттері түсірілген әсерлі видео жарияланды.

tennis-infinity.com
Реклама
Реклама

Кіммен жаттығып жатыр?

Бейнежазбада Рыбакина италиялық маман Альдо Кьяримен бірге жұмыс істеп жүр. Ол қазақстандық теннисшінің командасында физикалық дайындыққа жауап береді.

Бұған дейін Рыбакинаның Brisbane International (WTA 500) турниріне қатысуға өтінім бергені хабарланған. Жарыс 2026 жылғы 4–11 қаңтар аралығында өтеді. 

2025 жылғы маусымдағы нәтижелері

Өткен маусымда Елена Рыбакина екі WTA 500 турнирінде топ жарды:

  • Страсбург (Франция) – чемпион 

  • Нинбо (Қытай) – чемпион

Сондай-ақ ол WTA Finals-2025 додасында (Эр-Рияд) шешуші матчта әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы 6:3, 7:6(0) есебімен ұтып, маусымды үлкен жеңіспен жапты. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары