Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстанның бірінші ракеткасы ұлттық құрамадағы жалақы туралы айтты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 23:49

Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик ұлттық құрама сапында өнер көрсеткені үшін жалақы алатынын мәлімдеді. 

tennismajors.com
Реклама
Реклама

«Азаматтық ауыстырғаны үшін 500 мың доллар береді» деген әңгіме жайлы

Сұхбат барысында Бублик теннисшілерге азаматтық ауыстырғаны үшін бірден 500 мың доллар немесе «миллиондап ақша аударылады» деген қауесеттің шындыққа жанаспайтынын айтты.

Оның сөзінше, Қазақстанға келген спортшыға тікелей «қолма-қол» төлем жасалмайды. Бірақ толыққанды жағдай жасалады:

  • ел бойынша жаттығу базалары қолжетімді;
  • дәрігерлер, қалпына келтіру орталықтары қызмет көрсетеді;
  • бапкер және фитнес-бапкермен бірге жарыстарға шығуға байланысты сапар шығындары өтеледі.

Бублик:

«Мен 2016 жылдан бері Қазақстан атынан ойнаймын. Бұрын “өттім де, бірден миллион доллар түсті” деген болған жоқ», – деген мағынада жеткізді.

Рейтинг өскеннен кейін қолдау қалай өзгерді?

Қазақстандық теннисші әлемдік элитаға шыққан соң федерацияның қолдау моделі қайта қаралғанын атап өтті. Бұрын команда шығындары толық жабылса, қазір жалақы түріндегі қолдау қалған.

Бублик бұл соманың бұрынғыдан айтарлықтай төмен екенін, бірақ дайындық процесінің бір бөлігін жабуға көмектесетінін, ең қиын сәтте қолдаған адамдардан «көбірек сұрауға» ыңғайсыз екенін айтты.

Қазақстан одан не талап етеді?

Сұраққа жауап ретінде Бублик федерация тарапынан басты талап — ұлттық құрамада өнер көрсету екенін жеткізді. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасының Дэвис кубогындағы соңғы матчында (әлемдік топ 1 плей-офф, қарсылас — Оңтүстік Корея) Александр кездесуді толық аяқтай алмай, ойын барысында бас тартуға мәжбүр болды. Қорытынды есеп — 1:3.

Одан бөлек Пәкістанға қарсы матчқа Бублик шақырылмаған (Қазақстан 4:0 есебімен жеңді). Өткен маусымда ол әлемнің 247-ракеткасы, даниялық Эльмер Мёллерден күтпеген жерден ұтылды. Париж Олимпиадасында да алғашқы айналымда жарыстан шығып қалды.

Бубликтің мансабындағы ең мықты маусым

Айта кетейік, биылғы маусым Александр Бублик үшін ATP турнирлеріндегі мансабындағы ең табысты кезең болды:

  • төрт турнирде чемпион атанды;
  • әлемдік рейтингте рекордтық 11-орынға көтерілді;
  • Қорытынды турнирге қосалқы ойыншы ретінде іріктелді.
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары