Отандасымыз Australian Open турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Осы кезеңіне дейін жеткені үшін Рыбакина 841 375 АҚШ доллар және 780 рейтингтік ұпай еншіледі.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің жартылай финалына шыққаннан кейін шетелдік жанкүйерлер мен сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. Танымал The Tennis Letter X-аккаунты оның жетістігіне қатысты эмоциялық пікір білдірді.
Australian Open-2026 турнирінің ширек финалында Елена Рыбакина Польшаның үздік теннисшісі Ига Швентекті 7:5, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңді.
Бұл жеңіс Рыбакинаның әлемнің топ-10 теннисшілеріне қарсы қатарынан сегізінші жеңісі болды.
Танымал теннис парақшасы қазақстандық спортшының ойынына ерекше тоқталды.
"Топ-10 құрамындағы теннисшілерге қарсы сегізінші қатарынан жеңіс... Адам сенгісіз!
Теннисте допты ойынға қосу жағынан ең мықты.
Қайтадан өзінің ең үздік формасына оралғанын көру қандай керемет!", — деп жазылған жарияланымда.
Финал жолдамасы үшін Елена Рыбакина америкалық дербидің жеңімпазымен кездеседі. Бұл жұпта Джессика Пегула мен Аманда Анисимова бақ сынайды.
Айта кетейік, жартылай финалға шыққаны үшін Рыбакина 841 375 АҚШ доллар және 780 рейтингтік ұпай еншіледі.